Accessibility links

Қ.Бәкеив: “Қырғызстан үкіметі 12 өзбек босқынын еліне қайтаруы мүмкін”


БІШКЕК. Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Құрманбек Бәкиев Әндіжандағы қанды оқиғадан кейін Өзбекстаннан қашып келген 12 өзбек азаматының еліне қайтарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Кеше Бішкекте өткізген баспасөз-маслихатында Қ.Бәкиев қырғыз үкіметіне осы 12 адамның ауыр қылмыстар жасап, жазадан бас сауғалап жүргені туралы мәлімет келіп түскенінг хабарлады. Одан бұрын БҰҰ-ы мен адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымдар ресми Бішкекті өзбек босқындарын өз елінде қорлық пен қуғынға душар болатынын ескертіп, оларды Өзбекстан үкіметіне бермеуге шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG