Accessibility links

К.Райс Израиль мен Палестинаны өзара тығыз ынтымақтастықа шақырды


РАМАЛЛА. Кеше АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Палестина лидері М.Аббаспен келіссөз өткізді. Рамаллада өткен кездесудің барысында ол Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіріп алып кеткеннен кейін де Израиль мен Палестинаны өзара тығыз ынтымақтасуға шақырып, Газа аймағы мен Батыс жағалаудың қосылып, палестиндіктердің еркін жүруіне мүмкіндік болатынына үмітін білдірді. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, Палестинаның қауіпсіздікті нығайту үшін атқарған ісіне жақсы баға беріп, бірақ әлі көп іс атқару қажеттігін атап көрсетті. Таяу Шығыстан кейін қайтары алдында К.Райс Израильдің қорғаныс министрімен және басқа өкілдерімен кездесуге тиіс.
XS
SM
MD
LG