Accessibility links

Лондондағы жарылыстардан кейін Пәкістанда 300-ден аса күдікті ұсталды


ИСЛАМАБАД. Пәкістанның орталығындағы Пенджаб өлкесі өкілінің мәлімдеуінше, үкіметтің лаңкестікке қарсы шарасы кезінде қолға түскен күдіктілер терроризм туралы заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бүгін Пенджаб өлкесінің ішкі істер министрі Хасан Уасим Афзал Лондонда 7 шілде күні болған шабуылдардан кейін жалғыз Пенджаб өлкесінде 100-ден аса, ал бүкіл Пәкістанда 300-ден аса күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Лондондағы жарылыстарды жүзеге асырған 4 жанкештінің үшеуі – тегі пәкістандық ағылшын азаматтары болатын. Ағылшын дипломатары Пәкістанда Лондондағы шабуылдарға қатысты әлі ешкім ұсталмағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG