Accessibility links

Шарм Аш-Шайхтағы қырғынның ізінше Мысыр терроризмге қарсы күресін үжете түсті


ҚАЙЫР. Мысыр үкіметі Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм Аш-Шайх курортындағы кем дегенде 88 адам құрбан болған өткен түндегі қастандықтарды ұйымдастырған лаңкестерге қарсы ауқымды іс-шарасын бастады. 200-ге тарта адам жарақат алды, олардың көбісі ауыр халде. Қаза болғандардың саны өсе түсетін сияқты. Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк бұл қастандық елдің терроризмге қарсы күресін тек өршіте түседі деп мәлімдеді.

“Бейкүнә құрбандардың отбасыларына мен көңіл айтамын және біздің еліміз бен халқымызға қатер төндіргендер мен терроризмге қарсы күресімізді әрі қарай жалғастыруға сөз беремін. Біз Мысырдың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаймыз”, -деп мәлімдеді Х.Мүбәрәк.

Халықаралық қауымдастық - БҰҰ-ы, Еуроодақ, Ватикан, АҚШ, Ресей және Таяу Шығыс елдері - Шарм Аш-Шайх курортындағы түнгі шабуылдарға наразылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG