Accessibility links

Кишинэу мэрін сайлауға компартия мен “Равноправие” партиясынан 2 үміткер түседі


КИШИНЭУ. Бүгін Кишинэуде кезектен тыс қала әкімін сайлау өтеді. Қала басшысы лауазымына 2 үміткер – билік басындағы компартияның өкілі, Молдованың қаржы министрі Зинаида Гречаная мен “Равноправие” қозғалысының жетекшісі Валерий Клименко дауысқа түседі. Басқа 8 үміткер жазғы демалыс маусымында сайлау өткізуді қисынсыз деп санап, сайлауға түсуден бас тартты. 10-ыншы маусымда өткен Кишинэу мэрін сайлау – дауыс берушілердің тым аз қатысуына байланысты заңсыз деп табылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG