Accessibility links

Бішкекте Қырғызстан мен АҚШ-тың қорғаныс министрлері американдық әскери базаның тағдырын талқылайды


БІШКЕК. Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Қырғызстанға ұшып келуге тиіс. 2 күндік сапары барысында ол Қырғызстанның қорғаныс министрі Ысмайыл Исақовпен кездеспекші. Д.Расмфелдтің бұл сапарына таяуда Қырғызстан президенті болып сайланған Қ.Бәкиевтің халықаралық “Манас” әуе жайында орналасқан АҚШ әскерінің елде қала беруін қисынсыз деп бағалаған пікірі түрткі болды. Осы айдың басында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің басшылары Астанадағы бас қосуында Вашингтон Орта Азиядағы әскери базаларын шығарудың нақты мерзімін белгілесін деген құжат қабылдаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG