Accessibility links

Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм әл-Шейх курортында болған жарылыстан кейін 3 мыңдай италияндық Отанына қайтып келді


Жарылыс кесірінен кем дегенде 90 адам қаза болып, бірнешеуі ауыр жарақаттар алған еді. Құрбандардың көпшілігі - мысырлықтар екен. Қаза болғандар арасында кем дегенде 7 шетелдік бар. Олардың бірі италияндық екен. Шарм әл-Шейхте жыл сайын бір миллионға жуық италияндық азаматтар демалады. Мысыр ресми билігі бомбалық жарылыстарға қатысы бар, деп күдікке ілінгендерді қамауды одан әрі жүргізуде. Мысыр İшкі істер министрі Хабиб әл-Адлидің айтуынша, олар қылмыскерлердің ізін тапқан. Бұл жарылыстардың өткен жылдың қазан айында Қызыл теңіз жағасындағы Таба курортында болған жарылыстармен байланысы болуы мүмкін. Министр нақты фактілер жөнінде айта қойған жоқ. Алайда, хабарларға қарағанда, 70-тей адам қамауға алынған екен.
XS
SM
MD
LG