Accessibility links

Мысырдың курортындағы жарылыстарға байланысты жауапкершілікті үшінші топ өз мойнына алды


ДУБАИ. Мысырдың Шарм-әл-Шейх курортында болған лаңкестік шабуылдарға байланысты бұрында беймәлім болған бір топ жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Өзін “Мужахеддин Мысыр” деп атаған бұл топ шабуылдар еврей туристеріне бағытталған дейді. Аталмыш топ Интернеттегі мәлімдемесінде ол жарылыстарды жүзеге асырған деп бес адамның атын жариялаған екен. Бұл Мысырдағы жарылыстарға байланысты жауапкершілікті алған үшінші топ. Бұдан бұрын беймәлім бір топ және “Әл-Қаида” ұйымына қатысы бар деген бір ұйым ол жарылыстарды жүзеге асырған біз деген болатын. Естеріңізге сала кетсек, Шарм-әл-Шейхтағы шабуылдардан 60-тан астам адам құрбан болған-ды. Мысыр полициясы ол жарылыстарға байланысты 6 пәкістандықты іздеуде. Полиция өкілдерінің айтуынша, іздестіріліп жатқан 6 адам бұл оқиға барысында тұрып жатқан қонақ үйінде құжаттарын тастап, жоғалып кеткен екен.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG