Accessibility links

Д.Рамсфелд: “Орта Азиядағы әуе базасынан айрылуы АҚШ-ты Ауғастандағы соғыс қимылдарынан бас тартқыза алмайды”


ДУШАНБЕ. АҚШ-тың қорғаныс министрі Д.Рамсфелд Тәжікстанның ресми өкілмерімен кездесу үшін бүгін Душанбеге келуге тиіс. Ол Тәжікстан президенті Э.Рахмоновпен және қорғаныс министрі Шерәлі Хайруллаевпен кездесіп, әскери мәселелерді талқылайды. Ақ үй Д.Рамсфелдтің Орта Азияға сапарының мақсат-мүддесі жайынан толық хабар берген жоқ. Бірақ 3 апта бұрын Астанада Ынтымақтастықтың Шанхай Ұйымына мүше елдердің басшылары Вашингтон Орта Азиядағы әскери базаларын шығарудың нақты мерзімін белгілесін деген құжат қабылдаған болатын. Ал кеше Бішкекте АҚШ-тың қорғаныс министрі Д.Рамсфелд Қырғызстандағы әуе базасынан айрылуы Вашингтонды Ауғастандағы соғыс қимылдарынан бас тартқыза алмайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Орта Азиядағы кез-келген базасынан айрылса да АҚШ оның орнын толтыратын мүмкіндік табады.
XS
SM
MD
LG