Accessibility links

Ирақтың жаңа конституциясының жобасы дайын болса, алдымен парламентте талқыдан өтеді


БАҒДАД. Ирақ парламенті жаңа конституцияның жобасы келесі дүйсенбіге қарай дайын болады деп үміттенеді. “Франс-Пресс” агенттігіне берген сұхбатында Ирақ парламентінің спикері Хаджим Әл-Хасани мәлімдегендей, конституция жобасы дер кезінде дайын болған күнде, 15 тамыз күні дауысқа салынудан бұрын ол парламентте талқыланады. Ал 2 айдан кейін конститукция жобасы референдумға қойылмақшы. Жобаны дайындайтын комитеттің жұмысы оның 2 сүннит мүшесінің қазасына байланысты сүнниттердің байкот жариялауына байланысты 1 аптаға кідірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG