Accessibility links

Египет үкіметі тағы террористі анықтады


Египет үкіметі Шарм әл-Шейх қаласында бомба жарғандардың бірін анықтадық, бұл Юсұф Бадран деген жергілікті азамат деді. Ол "Ғазалех Гарденс" қонақ үйіне жасалған шабуылды атқарса керек деп айтылды. Юсұф Бадран исламшыл жауынгерлік топтармен сыбайлас болған делінді, бірақ нақты қай топ екені көрсетілген жоқ. Шарм Эль-Шейх қаласында сенбі күні бомба қойылған екі машина жарылып, 60-тан аса адам қаза тапқан. Тергеушілер осы шабуылдар мен осы жерде былтыр қазан айында болған шабуылдардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін екенін анықтап жатыр. Сенбі күнгі шабуылдарды үш жеке исламшыл топ мойындарына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG