Accessibility links

Ариель Шарон бүгін Жак Ширакпен кездеспек


Израиль бас министрі Ариель Шарон бүгін Парижде Франция президенті Жак Ширакпен кездеспек. Келіссөзде екі жақ қатынастары мен Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесі талқыланбақ. Ариел Шарон төрт жыл бұрын қызметіне кіріскенде Францияда аз ғана уақыт болған. Ариель Шарон былтыр Франция еврейлеріне қайырылып, антисемитизм кемсітуінен құтылу үшін Израильге көшіңдер деген, содан бері екі жақ қатынастарына салқын түскен еді. Израиль бас министрі үндеуін қайталай келе бұл тек Франция еврейлеріне қатысты емес, бұл әлем жүзіндегі еврейлерге қатысты сөзім деді
XS
SM
MD
LG