Accessibility links

"Дискавери" ғарыш кемесінен екі сынық түсіпті


АҚШ-та кеше "Дискавери" ғарыш кемесі 2003 жылы болған апаттан кейін алғаш рет ұшырылды. Кеме үстінде жеті ғарышкер бар, олар ғарышта 12 күн болады. Дегенмен, жерден көтерілу сәтінде кеме сыртынан көлемі 38 миллиметр кішкентай бөлік түскені анықталды. Мұның сыртында үлкенірек бір сынық бар, ол қайдан түскені белгісіз. "НАСА" ғарыш агенттігі кеменің жерге оралу кезінде сынықтардың қауіп төндіретінін не төндірмейтінін айту әлі ерте деді. 2003 жылы 1-ші ақпанда "Колумбия" ғарыш кемесі жерге қайтып келе жатқанда жарылған болатын, кеме үстіндегі барлық жеті ғарышкер қаза тапқан. Апаттың негізгі себебі ретінде – жерден ұшу сәтінде кеме үстінен шағын сынық түсіп, кеме жүйесіне зақым келтірген деп көрсетілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG