Accessibility links

Хабарларға қарағанда, Ирақ үкіметнің 12 қызметкері оққа ұшқан


БАҒДАД. Рейтерс пен Франс-Пресс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін Бағдадқа жақын жерде қарулы адамдар Ирақ үкіметінің құрамындағы 12 қызметкерін атып өлтірген, сондай-ақ 9 адамды жаралаған. Аталған екі агенттік бұл хабарды полиция бұлақтары мен ішкі істер министрлікке сілтей отырып таратты.

Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Польша премьер-министрі Марек Белка Ирақ премьері Ибрахим Әл-Жафаримен келіссөздер өткізу үшін Бағдадқа келді. Кездесу барысында, Белка Польша Ирақтан әскерлерін әзірше шығармайды деді.
XS
SM
MD
LG