Accessibility links

Пәкістандағы Мысырдың елшісі Шарм әл-Шейх курортындағы жарылыстарға пәкістандықтардың қатысы болуы мүмкін деген мәліметтерді жоққа шығарды


ИСЛАМАБАД. Бұдан бұрын Мысыр полициясы Шарм әл-Шейхтағы жарылыстар кезінде Пәкістанның 6 азаматы құжаттарын қонақ үйде тастап, жоғалып кеткен, соларды іздеп жатырмыз деген болатын. Бұған қоса, дүйсенбі күні курортқа жақын жердегі Синай тауларында полиция өкілдері пәкістандық қарулы адамдармен соғысып жатқаны туралы хабар түскен еді. Бүгін Мысырдың Пәкістандағы елшісі Хуссейн Хариди сенбі күнгі жарылыстар мен пәкістандықтардың байланысы бар деген мәліметтерді жоққа шығарды. 60-тан астам адам қаза болған ол шабуылдарға байланысты жауапкершілікті 3 Исламшыл қарулы топ өз мойнына алған болатын.
XS
SM
MD
LG