Accessibility links

АҚШ өкілі К.Хилл: “АҚШ Солтүстік Кореяға шабуыл жасамайды”


БЕЙЖІҢ. Бүгін Бейжіңде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған 6 жақты келіссөздер қайта басталды. Келіссөздердің басында АҚШ өкілі Кристофер Хилл АҚШ-ы Солтүстік Кореяны егеменді ел ретінде санап, оған шабуыл жасамайды деп мәлімдеді. Ал өз кезегінде Пхеньянның өкілі Ким Кие-Гуан Солтүстік Корея өзінің ядролық қару-жарағынан бас тарту бағытында жұмыс істеуге толықтай дайын деп атап көрсетті. Айтып кету керек, 3 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл 6-жақты келіссөздердің мақсаты Солтүстік Кореяның ядролық қаруы маңайындағы дағдарысты шешу болып табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG