Accessibility links

Қырғызстандағы өзбек босқындары үшінші елге көшірілмекші


БІШКЕК. БҰҰ-ның босқындар мәселелері бойынша агенттігі Қырғызстандағы Өзбек босқындарын үшінші елге көшіретін болды. Бірақ БҰҰ-ның өкілі Карлос Заккагнини босқындар нақты қайсы елге көшірілетіні туралы мәлімет берген жоқ.

«Біз бұл мәліметті қазірше айта алмаймыз. Босқындардың қауіпсіздігі үшін оларды қабылдап жатқан ел бұл ақпарат таратылмасын деп бізден өтініш жасады. Бұқаралық ақпарат бұлақтары мұны түсінеді деп ойлаймын», - деді Заккагнини.

Өзбек босқындарының бәрі бір елге көшіріледі, бұл уақытша шара, деді ол. Мамыр айында Өзбекстанның шығысында орын алған қанды оқиғалардан соң жүздеген адам Қырғызстанға босып кеткен-ді.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG