Accessibility links

Лондондағы шабуылдарға байланысты 4 күдікті ұсталды


ЛОНДОН. Британия полициясы 21-шілдеде Лондонның транспорт жүйесіне жасалған шабуылдарға байланысты Бирмингам қаласында күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Естеріңізге сала кетсек, өткен бейсенбіде Лондонның 3 метро станциясында және 2-қабатты автобуста жарылғыш заттар табылған болатын, бірақ олар толығымен жарылып үлгермеген. Ал сол оқиғадан дәл екі апта бұрын Лондонда қатарынан 4 жарылыс болып, 50-ден астам адам қаза тапқан-ды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG