Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Бағдадқа барды


БАҒДАД. Бүгін АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Бағдадта Ирақтың басшыларымен кездесті. Рамсфельд мырза ирақтықтарды көршілес Иран мен Сирия елдерінің Ираққа араласуларына қарсылық көрсетуге шақырды. Вашингтонның айтуынша, Сирия қарулы адамдардың Ираққа кіруіне мүмкіндік жасап қойған, ал Иран болса Ираққа саяси ықпал жасауға тырысуда. Бүлікшілерді азайту үшін елде саяси даму болу керек, сол үшін Ирақ басшылары елдің жаңа Ата заңын уақытында әзірлеп, оны мақұлдауы тиіс деді Рамсфельд.

Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін қарулы адамдар Бағдад халықаралық әуежайының жоғары лауазымды өкілін ұрлап әкеткен.
XS
SM
MD
LG