Accessibility links

Таулы Қарабақ мәселесінде тағы келіссөз басталмақ


АҚШ сыртқы істер министрінің орынбасары Паула Добрянски Бакуде мәлімдеме жасап, Таулық Қарабақ мәселесінің шешілуінде біршама алғабасу бар, халықаралық араағайыншылар үміт білдіріп отыр деді. Паула Добрянски тамыз айында Армения және Әзірбайжан президенттері кездесетін болды, мәселенің беті бері қарауы мүмкін деді. Екі ел президенттері, сол сияқты, тамыз айының 26-да Қазан қаласында ТМД елдерінің саммитінде кездесуге тиіс. Негізінен армяндар жасайтын Таулы Қарабақ екі ел арасындағы соғыстан кейін Әзірбайжаннан бөлініп кетті. Соғыс барысында шамамен 35 мың адам өлді, ондаған мың адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG