Accessibility links

Шаттл ғарыш кемелері қайтадан ұшпайтын болды


АҚШ ғарыш агенттігі шаттл үлгісіндегі кемелердің ұшуларын уақытша тоқтатамыз деп айтты. "Дискавери" кемесі сейсенбі күні жерден көтерілгенде оның жанар-жағармай бөлімінің сыртынан сынықтар түсті. Дәл осындай себеп "Колумбия" шаттл кемесін 2003 жылы ақпанда апатқа ұшыратып, жеті ғарышкерді ажалға қиған болатын. НАСА ғарыш агенттігі "Дискавери" кемесінен түскен сынықтар қауіп төндірмейді десе де, сәрсенбі күні кешкісін жаңа шешімге келді –мәселенің инженерлік шешімі табылғанша шаттл кемелерін ұшырмаймыз деді. "Дискавери" кемесі "Халықаралық ғарыш станциясымен" бүгін түйісу керек. "Дискавери" кемесі жерге 7-ші тамызда оралуға тиіс.
XS
SM
MD
LG