Accessibility links

Өзбек босқындары бүгін Бішкекке жеткізіледі


БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі 455 өзбек босқыны Жалалабад және Ош қалаларынан бүгін Бішкекке ұшақтармен жеткізіледі, одан соң басқа елге әкетіледі деп хабарлады. Өзбек босқындары Әндіжанда мамыр айында әскер бейбіт шеруді қарумен басқан соң жан сауғалап кеткен. Ұйым өкілі Карлос Зассагнини босқындардың қай елге әкетілетінін қазір айтуға болмайды деді. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары Льюс Арбур Өзбекстан ресми өкілдерінің Қырғызстанға келіп, босқындарды қайтарыңдар деп Қырғызстан жергілікті басшыларына қысым жасап жүргендеріне "ерекше алаңдаушылық" танытамыз деді.
XS
SM
MD
LG