Accessibility links

Гринпис – АҚШ пен Азия-Тынық мұхит аумағы елдерінің арасындағы жаңа келісімге қарсы


СИДНЕЙ. Қоршаған ортаны қорғайтын халықаралық Гринпис ұйымы ғаламдық ауа райына байланысты АҚШ пен Азия-Тынық мұхит аумағының 5 елі арасындағы жаңа келісімге наразылық білдіріп отыр. Осы келісімі жөнінде бейсенбі күні жариялаған АҚШ, Қытай, Жапония, Үндістан, Аустралия және Оңтүстік Корея оны “Киото хаттамасына” қосымша құжат деп мәлімдеп, ғаламдық ауа райының жылынуына соқтыратын улы газдардың тарауын азайтуды көздейді деп атап көрсеті. АҚШ пен Аустралия қол қоймай отырған “Киото хаттамасына” қарағанда, бұл келісімді орындау шарт емес. Гринпис өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа келісім Аустралияға өзінің көмір экспортын қорғау үшін керек болып отыр. Аустралия - әлемдегі ең ірі көмір экспорттаушы ел.
XS
SM
MD
LG