Accessibility links

Британ полициясы 21 шілде күні іске аспай қалған 4 шабуылды тергеу барысында ең басты күдіктіні қолға түсірді


ЛОНДОН. Бүгін Лондон полициясының бастығы Ян Блэр 21-інші шілде күнгі бомбалық шабуылдардың іске аспай қалуына қарамастан, оларды ұйымдастырмақ болғандар “әуесқойлар” емес деп ескертті. Лаңкестер қате жіберіп, “бұл біздің бағымыз болды”, - деп атап көрсетті Ян Блэр. Оның пікірінше, бірақ соққы бере алатын өзге топтар бар:

“Шынында да олардың тағы соққы беруі әбден мүмкін және ақиқатында да осындай соққы беруді мақсат еткен басқа топтардың да болуы әбден мүмкін”.

21-інші шілде күнгі іске аспаған шабуылдарды тергеу барысында сәрсенбі күні ең басты күдіктілердің бірі Бирмингем қаласында ұсталды. Тегі Сомалиден шыққан оны қазір Лондонда плиция тергеу үстінде. Бірақ тұтқындалғандардың саны бүгін 12 адамға өсті. Олардың тоғызы ер, үшеуі әйел баласы. Тағы үш күдікті Бирмингемде қолға түсті.
XS
SM
MD
LG