Accessibility links

ИРА тобының қарулы күресті қойып, саяси қозғалысқа айналатыны туралы мәлімдемесін ресми Лондон қуанышпен қабылдады


ЛОНДОН. Бүгін Англияның премьер-министрі Тони Блэр ИРА немесе “Ирландияның республикалық армиясы” деп аталатын қарулы топтың Лондонның Солтүстік Ирландиядағы үстемдігіне қарсы қарулы күресін тоқтатып, саяси қозғалысқа айналатыны туралы бүгінгі мәлімдемесін қуанышпен қарсы алды. Оның атап көрсетуінше, ИРА-ның бұл мәлімдемесі бұрын-соңды болмаған саяси қозғалысқа түрткі болуы мүмкін: “Бұл, бәлкім, барлық жалған үміт пен сенімнің жоққа шығуынан кейінгі Ирландия аралындағы соғысты тыныштық, ал терроризмді саясат алмастырған күн болар”.

Т.Блэрдің айтуынша, бұл оқиға Солтүстік Ирландия үкіметін бөліп қалпына келтіруге жол ашады.
XS
SM
MD
LG