Accessibility links

455 өзбек босқыны басқа - үшінші елге кету үшін бүгін Бішкекке ұшып келді


ЖЕНЕВА. Бүгін БҰҰ-ының босқындар істері бойынша Жоғарғы Комиссариаты хабарлағандай, 426 өзбек босқыны басқа – үшінші елден баспана алуы үшін Қырғызстан астанасы Бішкекке ұшып келді. Жоғарғы Комиссариаттың Женевадағы өкілі Астрид ван Гендерен Сторттың “Азаттыққа” берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, тағы 29 өзбек босқыны Қырғызстанның Ош қаласында кідіріп қалды.

Қырғызстанның 1-інші вице-премьері Ф.Кулов Өзбекстанның сұрауы бойынша қамауға алынған осы 29 өзбек босқынының тағдыры БҰҰ-ының босқындар жөніндегі ережесіне сәйкес шешіледі деп мәлімдеді. Ол ережеге сәйкес, босқындарды еліне күштеп беруге болмайды. Ресми Ташкент 29 босқынның кем дегенде 12-сін қолына беруді сұрап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG