Accessibility links

Чешен лидері өзінің “Беслан трагедиясына” қатысы барлығын жоққа шығарды


ВАШИНГТОН. Американың радиосына берген сұхбатында чешендердің белгілі дала қолбасшысы Шәміл Басаев өзінің “лаңкес” деген атымен келісті, бірақ соғыстың зардабын әрбір орыс сезінбейінше, Чешенстандағы шайқас бітпейді деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігінің наразы болуына қарамастан, АҚШ-тың АВС телеарнасының бейсенбідегі түнгі бағдарламасынан берілген сұхбатында чешен лидері осылай деп атап көрсетті. Ресей жағы ізіне түскен Ш.Басаев - өткен жылдың қыркүйегінде Беслан мектебіне жасалған шабуылды өз мойнына алмады. Оның барысында құрбан тапқан 330 адамның тең жартысы мектеп оқушылары болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG