Accessibility links

Алматы – 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға құқығы үшін таласатын қаланың бірі


ЛОЗАННА. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау құқына Грузияның Боржоми, Ресейдің Сочи және Қазақстанның бұрынғы астанасы - Алматы сынды 7 қала үміт артып отыр. Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитеті бүгін үміткер қалалар енді анкеталық сауалнамаға толық жауап берулері керек деген шешім қабылдады. Ақырғы шешім 2007 жылы қабылдануға тиіс. 2010 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға таласқан үміткерлердің ішінен Оңтүстік Кореяның Пайонгчанг және Аустрияның Зальцбург қалалары финалға дейін жетіп, ақыр соңында Канаданың Ванкувер қаласының бағы жанды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG