Accessibility links

Ирақта тағы 25-тей жас құрбан болып, тағы 35 жас түрлі жарақат алды


БАҒДАД. Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласының маңындағы Әр-Рабия елді-мекенінде бүгін жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарып, өзге 25 адам құрбан болды, бомбаның жарылысынан тағы 35 кісі түрлі жарақат алды. Полиция өкілінің хабарлауынша, негізінен армия мен полиция қатарына жазылуға келген жастар қаза тапқан. Өткен жылы да Мосул қаласы мен осы аймақ бас көтерудің ордасы болған еді. Армия мен полиция қатарына жаңа шақырылған Ирақ азаматтары жиі-жиі осындай қастандық шабуылдардың нысанасы болып келеді.
XS
SM
MD
LG