Accessibility links

21 шілде күнгі іске аспаған шабуылдарға байланысты Лондон полициясы бүгін тағы бір топ күдіктіні тұтқынады


ЛОНДОН. Бүгін британ полициясы Лондонның батыс ауданында 21 шілде күнгі іске аспаған террористік қастандыққа байланысты тағы 3 кісіні қолға түсіргенін мәлімдеді. Жергілікті “Скай ньюс” телеарнасы мен Би-Би-Си-дің хабарлауынша, әлгі үш адамның екеуі – 21 шілдедегі сәтсіз қастандыққа қатысы бар күдіктілер көрінеді. Бұл хабарды растаған әлі ешкім жоқ, бірақ Лондон полициясы “Рейтер” агенттігіне “бұл тұтқындаулардың үлкен маңызы бар” деп атап көрсеткен. Егер бұл хабар расталса, онда 21 шілде күні Лондон метросының вагондары мен жолаушы автобусын жармақ болған 4 күдіктінің үшеуі қолға түскен болып шығады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG