Accessibility links

400-ден аса өзбек босқыны Румынияның Тимисоара қаласындағы босқындар лагеріне уақытша орналасты


БУХАРЕСТ. Бүгін Румынияға 400-ден аса өзбек босқыны, оның ішінде 70-тен аса әйел мен 20-ға тарта бала Қырғызстаннан ұшып келді. Олар Румынияның Тимисоара қаласының іргесіндегі бұрынғы әскери базаға уақытша орналастырылады. Еуроодақ қаржыландырып отырған осы босқындар лагерінің басшысы Василе Драгойдың мәлімдеуінше, төтенше жағдайда немесе тұрақты баспана берілетін елге аттанатын мезгілде болмаса, өзбек босқындары лагерден аттап шыға алмайды. Қырғызстанда қалған 15 босқынды өзбек үкіметі өз қолына беруді талап етіп жатса, БҰҰ мен Ташкенттегі АҚШ елшісі оларды Өзбекстанға беруге болмайды, өйткені оларға “босқын” мәртебесі берілген деп отыр. Қырғызстанның Бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың мәлімдеуінше, ол 15 адамды “босқын” деп санауға келмейді.
XS
SM
MD
LG