Accessibility links

Ирақта жұма күні қарулы топтар 27-ден аса адамның өмірін қиды


Нақтылай айтқанда, Мосул қаласына жақын жерде бір жанкешті жасаған бомбалық жарылыстан әскер қатарына жаңадан алынған 25 адам қаза болған. 35-і жарақаттанған екен. Бұл үшін жауапкершілікті Ирақтағы әл-Қайда ұйымы өкілдері өз мойындарына алуда. Осының алдында ғана АҚШ күштері әл-Қайда ұйымы басшыларының бірін тұтқындағандықтары жөнінде хабарлаған болатын. Ирақтағы шии мұсылмандары қауымдастығы болса АҚШ-тың бастауындағы күштердің Ирақтан кетуін талап еткен бір миллиондай адамның қолын жинағандықтарын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG