Accessibility links

“Дискавери” кемесінің екі ғарышкері бүгін ашық ғарышта 6,5 сағат жұмыс істейді


ХЬЮСТОН. Бейсенбіде Халықаралық ғарыш бекетімен ойдағыдай түйіскен “Дискавери” кемесінің жапон ғарышкері Соичи Ногучи мен АҚШ астронавты Стив Робинсон бүгін ашық ғарышқа шығып, “Дискавери” қанатының нұқсан келді-ау деген тұстарын тексеруге кірісті. Олар сонымен қатар төтенше жағдайларды жөндеу үшін орнатылған жабдықтар мен құралдарды сынап көрмекші. Екі ғарышкер ашық кеңістікте 6.5 сағат жұмыс істейді. Ногучи мен Робинсон “Дискаверидің” сыртын сейсенбі және сәрсенбі күндері де ашық ғарышқа шығып зерттейтін болады.
XS
SM
MD
LG