Accessibility links

Джимми Картер Ираққа қарсы соғыстың жөні болған жоқ деді


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Куба аралында орналасқан Гуантанамо әскери базасында күдікті азаматтарды ұстау – ұят шаруа, экстремистік шабуыл жасауға сылтау беріп отыр деп мәлімдеді. Гуантанамодағы американдық базада жүздеген азамат қамалып отыр, олар терроризмге қарсы соғыс науқаны кезінде ұсталғандар, оларға адвокат берілмей отыр. Джимми Картер бұл сөзін кеше, Англияның Бирменгейм қаласында Дүниежүзілік баптистер одағының конференциясында айтты. Джимми Картер Ираққа қарсы жасалған соғыстың не қажеті, не заңдық жөні болған жоқ деді.
XS
SM
MD
LG