Accessibility links

Ирақ конституциясының жобасын дайындау комитеті тағы 30 күн сұрамақ


Ирақ конституциясының жобасын дайындау комитетінің төрағасы Хуман Хаммуди бүгін сөз сөйлеп, комитет жұмысына тағы 30 күн сұрамақ. Ирақ президенті Жалал Талабани және АҚШ ресми өкілдері конституция жобасы парламентке 15 тамызға дейін кірізілсен деп талап қойып келеді. Жобаның шамамен 90 пайызы дайын, алайда федерализм, ислам орны, ұлттық қорларды игеру, ел атауы деген мәселелерде араб сұннитері мен шиттері, күрд өкілдерінің арасында пікірталас әлі басылмай отыр. Ирақта қақтығыстар өткен тәулікте жалғаса түсті. Бағдадта машинеге қойылған бомба жарылып, бес бейбіт тұрғын қаза тапты, оны жараланды. Бағдад маңында бас министрдің орынбасары Ахмад Чалабидің адамдары отырған көліктерге шабуыл жасалды, бір адам қаза тапты, үш адам жараланды. Хадита қаласының маңында америкалық сарбаздарға шабуыл жасалды, қақтығыста 11 көтерілісші қаза тапты.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG