Accessibility links

Иран бүгін қайтадан уран байытуды бастамақ


Иран үкіметі бүгін ядролық қызметіміздің кейбір түрін қайта жандандырамыз, себебі Еуропа Одағы шартымызды уақытында орындамады деп мәлімдеді. "Ядролық бағдарлама жөніндегі дипломатиялық текетіресті шешу жөнінде ұсыныстарды 1 тамызға дейін беруді сұрағанбыз, Еуропа Одағынан жауап болған жоқ, Исфахан ядролық кәсіпорнын дүйсенбі күні іске қосамыз", - деді Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі. Еуропа Одағының атынан келіссөзді Британия, Франция және Германия жүргізіп жатқаны аян. Британия сыртқы істер министрлігі жауап ретінде егжей-тегжейлі ұсыныстарымызды 7 тамызда береміз деген болатын.
XS
SM
MD
LG