Accessibility links

Бүгін Сауд Арабиясының падишасы Фахд дүниеден өтті


80 жастағы падиша биылғы мамыр айында тыныс ағзалары дертімен емделуге жатқан болатын. Қаза жарияланысымен мемлекеттік теледидар жоспарлы бағдарламасын тоқтатып, қасиетті Құран аяттарын әуеге жолдады. Теледидар жүргізушісі бұл қазалы жағдай жөніндегі қайғылы хабарды былай бастады:

«Марқұм падишаның мұрагері жоғары мәртебелі ханзада Абдулла бин Абдул-Азиз және падиша отбасы, падиша сарайы Сауд Арабиясы елі атынан аза шегіп, Мекке және Мединедегі қос мешіттің қорғаушысы Фахд бин Абдул-Азиздің қазасына орай қайғырады. Ол ұзаққа созылған аурудан кейін ол дүниелік болды».

Падиша Фахд мемлекетті 1982 жылдан бері басқарып келді. Бірақ, 1995 жылы жүрек талмасына кезіккелі негізгі жұмысты оның інісі ханзада Абдулла жүргізді. Енді Абдулла падиша деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG