Accessibility links

Иран Исфаһан ядролық зауытын іске қосуға дайындалып жатыр


Халықаралық атом энергетика агенттігінің директоры Мұхаммед Барадей Иранға қайырылып, шешімін бұзып, Еуропа Одағымен келіссөзді жалғастыруға шақырды. Иран Исфаһан ядролық зауытын іске қосуға дайындалып жатырмыз, осыған орай Халықаралық атом энергетика агенттігі кәсіпорында бақылау құралдарын орната бастады деп мәлімдеді. Ұйым өкілі Мелисса Флеминг "Фарда" радиосына берген сұхбатында бақылау жабдықтарын іске қосуға бір аптадай қажет болады деді. Иран мәселе шешімі жөнінде Еуропа Одағы 1 тамызға дейін дипломатиялық ұсыныстарды жасамағандықтан уран байыту қызметімізді жандандырамыз деп мәлімдеген. АҚШ әкімшілігі Иран ядролық қызметін жандардырмасын, әйтпесе АҚШ және оның еуропалық одақтастары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шара қолдануға шақыруы мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG