Accessibility links

Ирақта АҚШ-тың 14 сарбазы мен бір журналисі қаза тапты


БАҒДАД. Бағдадтан 260-шақырым жердегі Хадиса қаласында орын алған жарылыстан АҚШ-тың 14 сарбазы мен бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Сонымен қатар Ирақтың Басра қаласында Стивен Винсент деген Американдық журналист оққа ұшты. Полиция өкілдері сейсенбі күні қарулы адамдар журналист пен оның Ирақтағы аудармашысын ұрлап әкеткен еді дейді. Журналисттің аудармашысы қатты жараланған. АҚШ елшілігі Винсенттің қаза болғанын растады. Айта кету керек журналист Винсент “Соғыстан кейінгі Ирақ” деген кітап шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG