Accessibility links

АҚШ теңіз жаяу әскерінің 14 адамы сәрсенбі күні қаза болды


Олар мінген көлік Ирақтың Ефрат жазығындағы жол шетіне көмілген бомбаға барып соқтыққан. Бұл әскерилер елдің батысында Сириямен шекара маңын шетелдік жауынгерлерден тазарту үшін шайқасуда екен. АҚШ елбасы Джордж Буш Техсаста сөйлеген сөзінде қаза болғандарға көрсетілетін ең үлкен құрмет- олардың ісін аяғына жеткізу, деді. Ирақтан АҚШ күштерін ерте алып шығу жөніндегі ұсынысты ол жоққа шығарды. Сондай-ақ Басрада Америка журналисін қолға түсіргендер оны бірнеше мәрте атып кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG