Accessibility links

Израиль басып алған жерінде қосымша еврей қөоныстарын тұрғызуды жоспарлап отыр


ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израиль үкіметі Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы өз қарамағында қалған жерге қосымша 72 еврей қонысын тұрғызатынын мәлімдеді. Израильдің қоныстандыру министрлігі бұл жоспарын газет арқылы жариялады. Жаңа қоныстардың құрылысы 1 жылдың ішінде басталуы мүмкін. Израильдің адам құқын қорғаушылары жаңа жоба Таяу Шығыстағы жанжалды үйлестіруге бағытталған халықаралық “Жол картасы” жоспарына қайшы келеді деп мәлімдеп отыр. БҰҰ-ы бұл жобаны “заңсыз” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG