Accessibility links

Бүгін Лондон метросының барлық бекеті ашылып жұмыс істей бастады


РИМ-ЛОНДОН. Бүгін Италияның соты Лондонда шілде айында іске аспаған жарылысқа қатысы деген күдікпен ұсталған адамды Англияға 17 тамызда табыс ету туралы өкім шығаратынын хабарлады. Лондоннан қашып келген Хамди Иссақ – Римде өткен аптада қолға түскен болатын. Ал Лондонда бүгін метроның барлық стансасы ашылып жұмыс істей бастады. Бірақ ашық төнген қауіп-қатердің болмауына қарамастан 6 мыңнан астам полиция қызметкері метро бекеттері мен басқа да қоғамдық орындарды күзетіп тұр. Қауіпсіздіктің мұндай қатаң шарасын қабылдауға себеп: Лондон метросы мен жолаушы автобустарындағы жарылыстар - 7-інші және 21-інші шілдеде, яғни нақ бейсенбі күндері болған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG