Accessibility links

Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөз жұма күні тағы жалғасады


БЕЖИН. Корея Халық Демократиялық Республикасының ядролық қаруы проблемасы бойынша 6 жақты келіссөзге бүгін Ресей делегациясы қайта оралып, бұл келіссөздің тағы 1 немесе 2 күн жалғасатынын хабарлады. Ал Қытай өкілі делегациялардың жұма күні тағы бас қосуға уағдаласқанын растады. Батыс баспасөз құралдарының хабарлауынша, 6 жақтың өкілдері, сондай-ақ, бүгін кешкісін де жиналуға келіскен. Пхеньян ядролық қарудан бас тартудан бұрын өзіне қауіпсіздік кепілдігін және экономикалық көмек беруді талап етіп отыр. Бүгінгі отырыстың алдында АҚШ делегациясының басшысы Кристофер Хилл: “Кореяның ядролық бағдарламасынан бас тартқанына көз жеткізгенде ғана оған нақты көмек беріледі” деп ескертті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG