Accessibility links

Брюссельмен арадағы келіссөзге дейін Түркия ешбір қосымша шартты орындамайды


АНКАРА. Түркия Еуроодаққа қабылдану мәселесі бойынша Брюссельмен арадағы келіссөздің басталуынан бұрын гректердің Кипр республикасын мойындау туралы Францияның талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Бүгін түрік премьер-министрі Реджеп Эрдоган ешбір қосымша шартты қабылдамайтынын мәлімдеді. Франция үкіметінің басшысы Доминик де Вильпеннің есептеуінше, Еуроодаққа мүше елдердің бірін мойындағысы келмеген Түркиямен арада келіссөзді бастаудың жөні жоқ. Түркияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша келіссөз 3 қазанда басталуға тиіс.
XS
SM
MD
LG