Accessibility links

АҚШ-тың әскери базаларында отырған барлық ауғандық елге қайтарылады


КАБУЛ. АҚШ-тың әскери базаларында тұтқында отырған барлық ауғандық елге оралады. Бүгін Ауғанстан мен АҚШ-тың бірлесіп қабылдаған декларациясында осылай деп атап көрсетілді. АҚШ армиясы Куба аралындағы Гуантанамо және басқа да әскери базаларында жүздеген ауғандықты тұтқында ұстап отыр. Ауғанстан президенті Х.Қарзай оларды елге қайтаруға АҚШ президенті Дж.Бушты көптен бері үгіттеп келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG