Accessibility links

Сыртқы қабырғасынан ақаулық табылған “Дискавери” жерге 1 тәулік кеш оралады


ХЬЮСТОН. Ғарыш кеңістігінде ұшып жүрген “Дискавери” кемесінің астронавтарына кезектен тыс төртінші рет ғарыш кеңістігіне шығуға тура келеді. АҚШ-тың ғарыш агенттігі – НАСА-ның басшылығы хабарлағандай, кеменің сыртқы қабырғасын тексеріп қарағанда, ғарышкер отыратын кабина терезесінің термоқаптамасының бір бөлігі жалбырап жұлынған көрінеді. Оны жөндеу үшін ғарышкерлер ашық ғарышқа сенбіден ерте шыға алмайтын көрінеді. Демек “Дискавери” кемесі Халықаралық ғарыш бекетінен дер кезінде бөлінбей, жерге бір күн кешігіп қайтатын болады.
XS
SM
MD
LG