Accessibility links

Израйль солдаты аутобус ішінде оқ жаудырып, израйльдік 4 арабты өлтірді


Ал, жолаушы арабтар оны таспен атқылап өлтірген. Израйльдің арабтар тұратын Шфарам қаласындағы осы оқиға кезінде 13 адам жараланған екен. Әскерилердің айтуынша ол солдат Тапуах қаласындағы экстремист еврей тұрғындарының өкілі, Кач қозғалысының мүшесі екен. Израйль және Палестина тарапы бұл шабуылды айыптауда. Аталған оқиғаны арнайы зерттеуге нұсқау берілген. Жұма күні Әл-Ақса мешітіне намазға келетін мұсылмандар наразылық танытуы мүмкін, деген қауіппен Израйль әскерлері әзірлік жағдайына келтірілген.
XS
SM
MD
LG