Accessibility links

Мұхит түбінде қалған шағын сүңгуір қайықта 7 теңізші үшін 1 тәулікке жететін ауа қалды


МӘСКЕУ. Кеше Камчатка түбегінің шығыс жағалауындағы Березовая шығанағында ұзындығы 13 метр, құрамында 7 теңізшісі бар шағын суңгуір қайық су астынан көтеріле алмай, 190 метр тереңдікте жатыр. Қайықта, Ресейдің Тынық мұхит флотының баспасөз-хатшысы Игорь Дигало: “...ең өкінішітісі, 2 тәулікке емес, 1 тәулікке ғана жететін ауа қалған. Құтқару жұмыстары ешқандай тоқтаусыз және үзіліссіз тәулік бойы жалғасатын болады”, - деп мәлімдеді. Теңізшілерді құтқаруға Ресей флоты Жапониядан көмек сұрады. Бірақ, жапон үкіметі құтқарушы кемелердің апат болған ауданға тек дүйсенбі күні ғана жете алатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG