Accessibility links

Британ үкіметі лаңкестер мен олардың сыбайластарына қарсы ең қатаң шара қолданады


ЛОНДОН. Англия үкіметі террористерге қолдау көрсеткендерге ең қатаң шара қолданады. Бүгін Лондонда өткізген баспасөз-маслихатында ағылшын премьер-министрі Тони Блэр терроризмге шатысы бар кез-келген адамға британ жерінде орын жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ, оның атап көрсеткеніндей, ағылшын үкіметі экстремистік ұйымдарға жататын веб-сайттардың, кітап дүкендері мен ұйымдардың тізімдерін жасап, оларға қатысы болған шетелдік азаматтар дереу елден қуылатын болады. 7 шілде күні Лондон метросының вагондары мен жолаушы автобусында жанкешті-лаңкестердің іске асырған 4 жарылыста 56 адам қаза болған болатын.
XS
SM
MD
LG