Accessibility links

Еуроодақтың жаңа ұсыныстарымен танысу үшін Иранға 1-2 күн уақыт керек


ВЕНА. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің өкілі Питер Рикуидтің бүгін хабарлағанындай, Иранмен оның осы ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізіп келген Франция, Англия және Германияның сұрауы бойынша, МАГАТЭ-нің басқарма кеңесі келесі сейсенбі күні Иранның ядролық өндірісін қайта іске қосатыны жөніндегі мәлімдемесін тақыламақшы. Осы отырыстан кейін МАГАТЭ Теһраннан ядролық өндірісін іске қоспауын талап етуге тиіс. Бүгін Еуроодақ Иранға оның ядролық бағдарламасы маңайындағы дағдарысты шешуді көздейтін ұсыныстардың жаңа бумасын ұсынды. Оның ізінше бүгін Иранның сыртқы істер министрлігі бұл ұсыныстармен танысуға 1 не 2 күн керек болатынын және содан кейін қорытындыға келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG